Әмір Омарханов әлемдегі үздік теннисшілердің тізіміне енді

Қазақстандық Әмір Омарханов 18 жас және соған дейінгі жасөспірімдер арасында ITF рейтингісінде әлемдегі үздік 30 теннисшінің қатарына кірді, деп хабарлайды Kazinform. 

 Қазақстандық жас теннисші әлемдегі үздік теннисшілердің тізіміне енді
Фото: Қазақстан теннис федерациясы

Қазақстан теннис федерациясынан мәлім еткеніндей, Әмір 58-ден бірден 28-сатыға көтерілді.

Даниал Рахматуллаев 115-тен 61-сатыға бір-ақ шықты. Сол секілді Виталий Зацепин – 85 (+71), Ильяс Маратұлы – 150 (+93), Заңғар Нұрланұлы 177-орынға (+105) жоғарылады.

Қыздар арасында Асылжан Арыстанбеков үздік елулікке (51-орын, +15) жақындады. Сондай-ақ Айя Нұпбай – 168 (+49), Полина Слепцова 176-сатыға (+52) орнықты.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Анна Данилинаның Жаңа Зеландиядағы жарыстың жартылай финалына шыққанын жазған болатынбыз.

Сондай-ақ Александр Недовесов Брисбен турнирінің ширек финалына жолдама алды.

Елена Рыбакина жылдың алғашқы жарысын жеңіспен бастады.

Соңғы жаңалықтар