19:30, 21 Ақпан 2026 | GMT +5
Әмір Омарханов Тунистегі турнирде топ жарды
АСТАНА. KAZINFORM – Қазақстандық теннисші, 18 жастағы Әмір Омарханов жұптық сында Монастир (Тунис) ITF M15 турнирінің чемпионы атанды.
Қазақстапдық теннисші италиялық Маттео Сибашимен бірге финалда жарыстың 4-ракеткалары, франциялықтар Александр Обриот – Сезар Бушелагеммен чемпиондық атақты сарапқа салды.
Бірінші партияда қазақстандық-италиялық жұп 6:4 есебімен басым түсті. Олар екінші сетте де сол басымдықтарын сақтап қалды – 6:3. Осылайша, Әмір Омарханов – Маттео Сибаши дода барысында турнирдің фавориттерін жеңіп, үздік шықты.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Анна Данилинаның Дубайдағы турнирдің финалынан тыс қалғанын жазған едік.
Сондай-ақ 18 жастағы Әмір Омарханов Тунистегі турнирдің финалына шыққанын хабарлағанбыз.