АМСК мекемелеріне тіркелу орнын жылына тек бір рет өзгерте алады

АСТАНА. 28 қаңтар. ҚазАқпарат - Кез келген азамат тұрақты немесе уақытша тұрғылықты орнында алғашқы медициналық-санитарлық көмек мекемесіне (АМСК) жұмыс орнынан, оқитынын жерінен бір әкімшілік-аймақтық аумақ шегінде бекітіліп, дәрігерді өзі таңдауға құқығы бар,
None
None

деп еске салады Астана қаласының ресми сайты Денсаулық сақтау басқармасына сілтеме жасап.

Дәрігер мен медицина мекемесін өзі таңдаған кезде азаматтың жылына бір рет бір ғана АМСК мекемесіне бекітілуі қажет.

Медициналық мекемеге бекітілу азаматтың өтініші бойынша, жеке басын куәландыратын құжаты негізінде жүзеге асырылады.

Бекітілген адам денсаулығына байланысты АМСК мекемесіне өздігінен келе алмайтын болса, өзінің жазбаша өтінішін тапсырса болғаны. Бекітілу өзгертілген кезде бұрын берілген талон АМСК мекемесіне кері қайтарылады. Ал азаматқа, бекітуден шығарылғаны туралы басқа талон беріледі.

«АМСК мекемелері аталған ұйымда (емханада) жүктеме көп болған жағдайда, азаматты бекітуден бас тартуға құқығы бар», - делінген хабарламада.

Соңғы жаңалықтар