Амстердам қаласында қазақ мәдениетінің көрмесі ашылды

АЛМАТЫ. KAZINFORM — Нидерланд елінің астанасында Алматы қаласы музейлер бірлестігінің «Дәстүр сабақтастығы: ата-баба мұрасы» атты көрмесі ашылды. Бұл туралы Алматы қаласы әкімдігінің ресми сайты жариялады.

Амстердам қаласында қазақ мәдениетінің көрмесі ашылды
Фото: Алматы қаласының әкімдігі

Алматы әкімдігінің мәліметінше, 5 тақырыптық бөлімнен тұратын экспозицияда 70-тен астам бірегей жәдігер ұсынылған. Олардың қатарында қазақ халқының тұрмыс-тіршілігі мен дәстүрлерінен сыр шертетін этнографиялық артефактілер, сәндік-қолданбалы өнер туындылары, сондай-ақ қазақ және түркі халықтарының музыкалық аспаптары бар.

Амстердам қаласында қазақ мәдениетінің көрмесі ашылды
Фото: Алматы қаласының әкімдігі

 

— Бұл қазақ халқының бай мәдени мұрасын паш ететін маңызды мәдени оқиға. Юнус Эмре институтындағы бұл көрме 2025 жылы 14 қарашаға дейін жалғасады, — деп хабарлады әкімдіктен.

Көрме Алматы қаласы әкімдігінің, Қазақстан Республикасының Нидерланд Корольдігіндегі Елшілігінің, Түркия Республикасының Нидерланд Корольдігіндегі Елшілігінің және Юнус Эмре институтының қолдауымен ұйымдастырылды.

Еске салайық, бұған дейін Италияда Абай Құнанбайұлының бюсті ашылды.

Соңғы жаңалықтар