Амстердам көшелерінде бірнеше мәрте жарылыс болған соң 14 жастағы жеткіншек ұсталды

АСТАНА. KAZINFORM – Амстердам полициясы сәрсенбінің түнінде кейінгі аптада бірнеше мәрте жарылыс болған көшелердің бірінен жарылғыш зат табылған соң 14 жастағы жеткіншекті ұстады. Бұл туралы NOS телеарнасына сілтеме жасап, ресейлік ТАСС хабарлады.

тұтқын
Фото: freepik

Оның мәліметтерінше, ұсталған адам ғимараттардың бірінің алдында детонаторды іске қоспақ болған, алайда жарылыс болмаған. Оқиға орнына Нидерланд Қорғаныс министрлігінің минаны залалсыздандыру қызметі шақырылып, мамандар қауіпті затты алып кетті.

Хабар таратушы корпорацияның мәліметтерінше, жеткіншек ұсталған көшеде өткен аптада үш жарылыс болған. Жарылыстардың салдарынан өрт шығып, абырой болғанда ешкім зардап шеккен жоқ.

Амстердам әкімшілігі аталған ауданның көшелеріне бейнекамера орнататын болып шешті.

Осыған дейін Үндістандағы фабрикада жарылыс болып, алты адам көз жұмғаны туралы жаздық.

 

Соңғы жаңалықтар