«АМТ» топ-менеджеріне жерлеуге арналған алқагүл беріп жіберген жігіт қамалды

АСТАНА. ҚазАқпарат - «АрселорМиттал Теміртау» АҚ көмір департаментінің директорына қабір басына қоятын алқагүлді беріп жіберген ер адам 60 тәулікке тұтқындалды. Бұл туралы телефон арқылы біздің тілшіге Қарағанды облысы ІІД баспасөз қызметінің міндетін орындаушы Б. Смайылов хабарлады.

«АМТ» топ-менеджеріне жерлеуге арналған алқагүл беріп жіберген жігіт қамалды

Аймақтық ІІД-нің хабарлауынша, Қарағандыда такси жүргізушісі арқылы көмір департаментінің басшысына алқагүл беріп жіберген ер адам ұсталды. Оқиға бейсенбі, 28 шілдеде орын алды.

«Қарағанды облысының 29 жастағы тұрғыны ұсталды. Аталмыш факті бойынша материал ҚР ҚК 115-бабында көзделген қылмыс құрамы белгісімен   бірыңғай соталды тергеу тізіліміне енгізілді. Қазір тергеу жүргізілуде. Жаза 60 тәулік тұтқынды көздейді, айыппұл салуы да мүмкін», - деп нақтылады Б.Смайылов.