Ана мен бала өлімі төтенше жағдай ретінде қарастырылуы тиіс - С.Ахметов

None
None
АСТАНА. 20 тамыз. ҚазАқпарат - Ана мен бала өлімі төтенше жағдай ретінде қарастырылуы тиіс.

Бұл туралы бүгін Үкіметтің селекторлық режімдегі отырысында ҚР Премьер-Министрі Серік Ахметов айтты.

Үкімет басшысының пайымынша, бүгінгі қарастырылған ана мен бала өлімін төмендетуге арналған мәселелер жаман көрсеткішті паш етіп отырған жоқ. Дегенмен, әрбір өңірге ана мен бала өлімін төмендетуге мүмкіндік беретін іс-шараларды тыңғылықты атқаруға тапсырма беру қажет.

«Ана мен бала өлімі төтенше жағдай ретінде қарастырылуы тиіс. Денсаулық сақтау министрлігі әрбір оқиғаны зерттеуі керек. Дегенмен, сараптама өте тыңғылықты жүргізілуі қажет», - деді С.Ахметов.

Оның сөзіне қарағанда, 1970 жылдан бері республикада ана мен бала өлім-жітімі шамамен 4 есеге төмендеп отыр.

Соңғы жаңалықтар