Ана мен баланың денсаулығы жайы қаралды - Қызылорда

Басқосуда облыстық денсаулық сақтау басқармасы бастығының орынбасары Ләйлә Құлтаева облыс бойынша үстіміздегі жылдың бес ай қорытындысымен ана және сәбилер өлімінің жағдайларына талдау жасады. Аталған мерзімде 8090 бала дүниеге келген. Бұл өткен жылмен салыстырғанда, 981-ге артық. Ал бала шетінеуі 3,5 пайызға өскен. Мамандар сәбилердің шетінеуін көп жағдайда жүкті әйелдердің дер кезінде медициналық сараптамалардан өтпеуімен байланыстыруда. Есепті кезеңде облыс көлемінде ана өлімінің үш жағдайы тіркелген.
Басқосуда аталған келеңсіз жағдайлардың себеп-салдары талқыланып, жан-жақты сараланды. Кеңес отырысында сонымен қатар, республикалық ақпараттық талдау орталығының облыс бойынша филиал директоры Сәуле Нәлібаеваның облыс көлеміндегі өңірлік бюро қызметінің атқарған жұмыстары жайында хабарламасы тыңдалды.