«Ана тілін оқытудағы жетістіктер» деген тақырыпта отырыс өтті - Павлодар

ПАВЛОДАР. Қыркүйектің 15-і. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - Павлодардың Достық үйінде «Ана тілін оқытудағы жетістіктер» деген тақырыпта «дөңгелек үстел» отырысы өтті, деп хабарлады тілдерді дамыту басқармасынан. Басқосуға Қазақстан халқы облыстық Ассамблеясының этномәдени бірлестіктерінің жетекшілері және түрлі ұлттың 500-ден астам баласы оқитын ұлттық өркендеу мектебінің мұғалімдері қатысты.
None
None

Отырысқа қатысушылар көпұлтты аймақта ана тілдерін үйренумен байланысты проблемаларды, мемлекеттік тілді үйретудің жолдарын талқылады. Сөз сөйлегендер, облыста көпұлттық диаспораның барлық тілдерін дамытуға жағдай жасалып отырғанын және жастардың мемлекеттік тілді үйренуге деген ықыластарының арта түскенін атап көрсетті.

Облыстық тілдерді дамыту басқармасының бастығы Талғат Әбілқасымов этномәдени орталықтардың жетекшілерін мемлекеттік тілді үйрету ісін алдағы уақытта да бірлесіп атқаруға үндеді. Ол орталықтардың кітапханаларына орыс-қазақ тілашарының бірнеше данасын тарту етті.

Соңғы жаңалықтар