«Анаға апарар жол» тарихи драмасы телеарналардан көрсетілетін болады
18 желтоқсан күні сағат 22:10 фильм КТК телеарнасынан көрсетіледі. Ресей, Грузия, Армения, Әзербайжан, Өзбекстан, Тәжікстан, Қырғызстан, Түркменстан елі тарихи драманы ресейдің орталық арнасы «Первый канал. Бүкіләлемдік желі» және «Время» телеарнасынан желтоқсанның 17 мен 18 күндері көреді.
Ел тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған кинокартина қазақстан кинематографиясындағы бірегей туынды болып саналады. Режиссер Ақан Сатаевтың идеясын қолдаған Әлия Назарбаева, тарихи драманың кең көлемді қамтитын картина болып шығуына мүмкіндік жасады. Бір ғана қазақ отбасының басына түскен қиындық арқылы 1930 жылдардағы күллі халық тағдыры суреттеледі. Анасынан ажырап қалған бас кейіпкер сұрапыл соғысты көреді. Түрлі қиындықтарға қарамастан өз үйіне оралуға тырысады.
«Анаға апарар жол» картинасы халықаралық деңгейде жоғары бағаға ие болды. Ялтада өткен «Евразийский мост» кинофестивальінде фильм Гран-при жеңіп алды. Ең үздік әйел рөлі номинациясы бойынша басты рөлді сомдағын Алтынай Нөгербек үздік деп танылды. Қыркүйек айында Алматыда өткен халықаралық «Евразия» кинофестивальінде Ұлттық кинематографиялық өнер және ғылым академиясының алғашқы «Тұлпар» премиясы табысталды. «Үздік әйел рөлі» номинациясы бойынша тағы да Алтынай Нөгербек жеңімпаз атанды. «Үздік операторлық жұмыс» номинациясы бойынша фильмнің қоюшы-операторы Хасан Қыдыралиевке тең келер ешкім болмады.
Сонымен қатар фильмді жасаушылар қазір уақытта туындының Гала-көрсетілімін Түркия астанасы Анкарада жергілікті интеллигенция мен бизнес өкілдеріне ұйымдастыру жұмыстарымен айналысуда. Мұндағы мақсат - түркиялық көрермендерге Қазақстанның тарихы мен мәдениетін тереңрек таныту. Сондықтан желтоқсан айының соңында ұйымдастырылатын көрсетілім мемлекеттік мерекеге орайластырылып отыр.