Аналар өлімінің негізгі себептері медициналық қызметкерлердің тапшылығынан - облыстық денсаулық сақтау бөлімінің бастығы

Облыстық денсаулық сақтау бөлімінің бастығы Маралбек Мейірбековтың алқа отырысы кезіндегі хабарлауынша, аналар өлімінің негізгі себептері кадрлар тапшылығынан, акушер-гинеколог дәрігерлердің біліктілігінің аздығынан, әйелдер денсаулығының төменгі индексінен, жоғары қауіптілік топтарындағы отбасын жоспарлаудағы жеткіліксіздіктерден болуда.
Оның айтуынша, бұл бағыттағы жұмыс жүргізілу үстінде. Ағымдағы жылы облыс әкімі, Денсаулық сақтау министрлігі және Асфендияров атындағы медициналық университеті арасындағы үшжақты келісімге байланысты Алматы облысына аталған жоғарғы оқу орнының 114 түлегі мен Семей медициналық академиясының 30 түлегі келді. Олардың әрқайсысына көтермелеу қаражаты берілді. Бұдан басқа, облыс әкімі ауылды аймақтарда жұмыс істейтін медициналық қызметкерлерге 25 пайыздық үстемелеу берген. Облыс басшысының гранты бойынша елдің медициналық ЖОО-да шалғайдағы елді мекендердің 75 түлегі білім алуда.