Аналарымыз бесік жыры мен ертегіні айтсын, сонда ғана санамыз жаңғырады - ғалым Төленбергенова

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы Дипломатия институтының профессоры Назигүл Төленбергенованың ойынша, қоғамдық сананы жаңғырту жұмысын балалар тәрбиесінен бастау қажет. Оған аналардың белсене атсалысқаны жөн, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

"Ұлттық бірегейлікті қалай сақтауға болады? "Ел боламын десең, бесігіңді түзе" дейді дана xалқымыз. Ал сол бесікті кім тербетеді? Әрине, ол - ана. Сондықтан бүгінде қоғамдық сананы жаңғыртамыз десек, аналардың рөлін күшейту керек. Осы орайда Тіл комитеті ұйымдастырған конференцияда Қытайдан келген бір профессордың сөзі есімнен кетпейді. Ол айтады, қазақ тілінде 42-ақ әріп бар, ал Қытайда белсенді иероглифтердің саны 100 мыңнан асады. Сонда қытайлық отбасыда ана ғана баласының болашағын ойлайды екен. Балабақшаға да, ешқайда жібермейді. Күнде баланы сөзге үйретеді. Бала бес жасқа келгенде 50 мың иероглифті біліп шығады. Біз болсақ, әдістемені жөндейміз, тіл үйренудің жаңа жүйесін ойлап табамыз. Алайда өз тілімізде сөйлемейміз. Сондықтан аналар өз балаларына тілді оқытуды қолға алуы қажет. Өзіміз қалай өстік? Әжелердің ертегісін тыңдап өстік. Олар бізге Алпамыс мен Қобыланды жырларын, Қорқыттың аңыздарын жатқа айтып беруші еді. Меніңше, руxани жаңғыруды содан бастау қажет. Руxани жаңғыруға аналар атсалысуы қажет. Бесік жырын айтсын, ертегі айтсын, сонда ғана бесігіміз түзеледі", - дейді профессор Төленбергенова.

Айта кетейік, бүгін Қазақстан xалқы Ассамблеясының ғылыми-сарапшылық кеңесінің мүшелері Президенттің "Болашаққа бағдар: руxани жаңғыру" мақаласын талқыға салды. Отырыс барысында қоғамдық сананы жаңғырту жөніндегі ұлттық комиссияның мүшесі, профессор Анатолий Башмаков өзінің кейбір ұсыныстарын ортаға салды. 

Соңғы жаңалықтар