Аналық панда қонжығын қиындықпен шомылдырды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қытайдағы қорықтардың бірінде қыдырып жүрген жұртшылық қызықты оқиғаның куәсі болды. Олар аналық панданың қонжығын қалай шомылдырмақ болған кезін тамашалады.
Бұл видео Желіде жарияланды. Бірнше рет қонжықты су құйылған ыдысқа отырғызбақ болған әрекеті іске аспаған панда қос табанымен оны қыса ұстап терісін сумен жумақ болды. Ал қонжық болса бар күшімен қарсыласып, анасының құшағынан шығып кетпекке әрекеттенді.