Анасы мен бауырын құтқарды: Ақмола облысында жаңа туған нәрестеге құтқарушының есімі берілді
КӨКШЕТАУ. KAZINFORM - Ақмола облысының Ерейментау ауданында жаңа туған нәрестеге құтқарушының есімі берілді.
Ақмола облысы ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, биылғы жылғы қаңтардың 10-да боранда Ерейментау аудандық ТЖБ бастығы Амангелді Доскенов боранда адасып қалған жүкті әйел мен оның баласын құтқарған.
«Құтқарылған әйел жақында маңдайы торсықтай ұл баланы дүниеге әкелді. Бұл отбасындағы жетінші бала, халқымыз үшін жеті қасиетті сан. Сол себепті, ата-анасы құтқарушыны перзентханаға шақырып, ұлына Амангелді есімін берді», - деді ведомстводан.
Айта кетсек, бұдан бұрын Ақмола облысында боранда адасып қалған жүкті әйел мен баласы құтқарылғанын жазған едік.