Анастасия Городко - Швейцариядағы әлем чемпионатының қола жүлдегері

АСТАНА. KAZINFORM — Фристайл-могулдан Ұлттық құрама спортшысы Анастасия Городко Санкт-Мориц қаласында (Швейцария) өтіп жатқан фристайлдан әлем чемпионатында үздік үштікті түйіндеді. Бұл туралы Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Анастасия Городко
Фото: @olympickz

Отандасымыз Анастасия (22.00 ұпай) параллель-могул сайысындағы кіші финалда АҚШ спортшысынан басым түсіп, қолаға қол жеткізді. 

Айта кетелік Алматыдағы «Шымбұлақ» тау шаңғысы курортында өтіп жатқан фристайл-могулдан әлем кубогының кезеңінде отандасымыз Анастасия Городко қола медальға қол жеткізген еді.

Соңғы жаңалықтар