07:30, 10 Қараша 2016 | GMT +5
Анасын балағаттаған қызылордалық қамауға алынды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысы Қазалы аудандық сотында азамат Д-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.

Қазалы аудандық сотының баспасөз қызметінен хабарлағандай, іс құжаттарына сәйкес, құқық бұзушы Д. бұрын отбасы-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқыққа қарсы іс-әрекеттер үшін әкімшілік жазаға тартылған адам бола тұра, алкогольдік масаң күйінде, өз үйінде, анасының мазасын алып, балағат сөздер айтып, сыйламаушылық көрсеткен, яғни отбасы-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқыққа қарсы іс-әрекеттер жасаған.
Сот қаулысымен құқық бұзушы Д. Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 73-бабының 2-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған 10 тәулікке әкімшілік қамаққа алу жазасы тағайындалды.
Сот қаулысы заңды күшіне енбеген.