Андрей Ферапонтов «Оқжетпес» командасы бас бапкері қызметінен кетті

АСТАНА. KAZINFORM — Команда бас бапкердің қызметтен кетуін отбасылық жағдайға байланыстырды. 

Андрей Ферапонтов «Оқжетпес» командасы бас бапкері қызметінен кетті
Фото: qfl.kz

— Андрей Святославовичке клубымызға қосқан үлкен еңбегі, кәсібилігі және адалдығы үшін шексіз алғыс айтамыз. Клубта өткізген уақытында ол айтарлықтай жұмыстар атқарды. «Оқжетпес» командасының жетістіктігіне елеулі үлес қосты. Біз оған және оның отбасына денсаулық, бақыт және болашақ істеріне сәттілік тілейміз, — деп жазылған хабарламада.

Андрей Ферапонтов биыл көкшетаулық клубтың Премьер-лигаға қайта оралуына үлкен еңбек сіңірді. Қазір команда он төрт ойыннан кейін 21 ұпаймен алтыншы орында келеді.

«Оқжетпестің» жаңа бас бапкері жақын уақытта белгілі болады.

Еске салсақ, бұдан бұрын Нұркен Қалдыбекұлы Мазбаев «Ұлытау» футбол клубының бас бапкері болып тағайындалды

Ал Иван Геннадьевич Азовский «Ұлытау» футбол клубындағы қызметін ресми түрде аяқтады.

2025 жылғы маусымда Иван Азовский баптаған команда Премьер-лигада 15 матч өткізіп, 3 жеңіске жетті, 3 тең ойын көрсетті. 

Соңғы жаңалықтар