Андрей Голубев Аустриядағы жарыстың жеңімпазы атанды

АСТАНА. ҚазАқпарат – Қазақстандық Андрей Голубев жұптық сында Зальцбург (Аустрия) челленджер турнирінің жеңімпазы атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None

Қазақстандық теннисші украиналық Денис Молчановпен бірге финалда үндістандықтар Анируд Сандрасекар – Виджай Сундар Прашантпен чемпиондық атаққа таласты.

Бірінші партияда қазақстандық-украиналық жұп 6:4 есебімен басым түсті. Содан кейін екінші сетте тай-брейкте жеңісті жұлып алды – 7:6 (10:8).

Сағат жарымнан астам уақытқа созылған матчта А.Голубев пен Д.Молчанов 4 эйспен бірге 2 брейк-пойнттың біреуін пайдаланды. Қарсыластары 1 эйспен шектелді.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Андрей Голубевтің жұптық сында Аустриядағы турнирдің финалына шыққанын жазған болатынбыз.

Сондай-ақ 15 жасар Зара Дәркен алғаш рет WTA 250 турнирінде ойнайды.

Новак Джокович тоғызыншы рет Уимблдон финалына шығып, рекорд орнатты.


Соңғы жаңалықтар