Андрей Голубев Братислава турнирінің финалына өтті
Қазақстандық теннисші Андрей Голубев жұптық сында Братислава (Словакия) челленджер турнирінің финалына шықты, деп хабарлайды Kazinform.

Қазақстандық теннисші Андрей Голубев жұптық сында Братислава (Словакия) челленджер турнирінің финалына шықты, деп хабарлайды Kazinform.
Украиналық Денис Молчановпен жұптасқан А.Голубев жарыстың үшінші ракеткасы болып тіркелген еді.
Қазақстандық-украиналық дуэт жартылай финалда доданың 2-ракеткалары, уругвайлық Ариэль Бехар – чехиялық Адам Павлашекпен сынға түсті.
А.Голубев – Д.Молчанов бір сағатқа жуық уақытқа созылған матчта 6:3, 6:3 есебімен басым түсті. Олар 2 эйс жасап, 5 брейк-пойнттың үшеуін мүлт жібермеді.
Андрей Голубев – Денис Молчанов соңғы бәсекеде үндістандық Шрирамбалай Нараянасвами – германиялық Андре Бегеманмен чемпиондық атақты сарапқа салады.
Еске сала кетейік, Анна Данилинаның Гонконг жарысының жартылай финалына шыққанын жазған болатынбыз.
Теннисші Бейбіт Жұқаев келесі Азиадаға мықты болып оралуға уәде берді.