Андрей Голубев Словакиядағы жарыстың финалында жеңіліп қалды

Қазақстандық теннисші Андрей Голубев жұптық сында Братислава (Словакия) челленджер турнирінің финалында жеңіліп қалды, деп хабарлайды Kazinform.

Теннис
Фото: ҚазАқпарат

Жарыстың 3-ракеткасы болып тіркелген А.Голубев украиналық Денис Молчановпен бірге финалда үндістандық Шрирамбалай Нараянасвами – германиялық Андре Бегеманмен бас жүлдені сарапқа салды.

Бірінші партияда үндістандық-германиялық жұп 6:3 есебімен басымдылық танытты. Олар екінші сетте де алға кеткенімен, А.Голубев пен Д.Молчанов есе қайтара алды – 7:5.

Супер тай-брейкте үндістандық-германиялық дуэт жеңісті жұлып алды – 10:8.

Сағат жарымнан астам уақытқа созылған бәсеке барысында А.Голубев – Д.Молчанов 6 брейк-пойнттың екеуін пайдаланды. Қарсыластары 1 эйс, 2 брейкпен (6 брейк-пойнт) көзге түсті.

Осылайша, Андрей Голубев Словакиядағы доданың финалына дейін жетті.

Еске сала кетейік, Андрей Голубевтің Братислава турнирінің финалына өткенін жазған болатынбыз.

Анна Данилина Гонконг турнирінің финалына шыға алмады.

Соңғы жаңалықтар