Андрей Голубев жұптық сында Аустриядағы турнирдің финалына шықты

Қазақстандық теннисші украиналық Денис Молчановпен бірге жартылай финалда жарыстың 1-ракеткалары, сербиялық Никола Качич – румыниялық Влад Виктор Корнаямен шеберлік байқасты.
Қазақстандық-украиналық жұп 6:2, 7:6 (7:1) есебімен жеңіске жетті. Олар 1 сағат 20 минутқа созылған матчта 1 эйспен бірге 4 брейк-пойнтты түгел пайдаланды.
Қарсыластары 1 эйс, 2 брейктен (5 брейк-пойнт) аса алмады.
А.Голубев – Д.Молчанов финалда үндістандықтар Анируд Сандрасекар – Виджай Сундар Прашантпен бас жүлдені сарапқа салады.
Тағы бір қазақстандық Тимофей Скатов испаниялық Карлос Табернермен бірге Брауншвейг (Германия) челленджер додасының жартылай финалында франциялықтар Пьер-Юг Эрбер – Артур Реймонмен ойнауы тиіс еді.
Алайда Т.Скатов пен К.Табернер матчқа шықпағандықтан, франциялық дуэт бірден финалға жолдама алды.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Уимблдонда Елена Рыбакинаны жеңген Онс Жабердің финалға шыққанын жазған болатынбыз.
Сондай-ақ 16 жасар теннисші Қазақстан спартакиадасының чемпионы атанды.
Юлия Путинцева Швециядағы турнирдің финалына шыға алмады.