Андрей Голубев жұптық сында Уимблдон турнирінің екінші айналымына шықты

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстандық Андрей Голубев жұптық сында Уимблдон турнирінің екінші айналымына шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Андрей Голубев жұптық сында Уимблдон турнирінің екінші айналымына шықты

А.Голубев нидерландылық Робин Хасемен бірге алғашқы матчын бразилиялық Марсело Демолинер – мексикалық Сантьяго Гонсалеспен өткізді.

Бірінші партия тай-брейкке дейін жетіп, онда М.Демолинер мен С.Гонсалестің жолы болды – 7:6 (8:6).

Есесіне екінші және үшінші сетте А.Голубев пен Р.Хасе қос брейктің арқасында 6:4, 6:4 есебімен жеңіске жетті.

Тартысты өткен бәсеке 2 сағат 10 минутқа созылды.

Қазақстандық-нидерландылық жұп үшінші айналымға шығу үшін осы жарыстың 7-ракеткалары, ұлыбританиялық Джейми Маррей – бразилиялық Бруно Соарес немесе америкалық Николас Монро – канадалық Вашек Поспишил жұптарының қай жеңгенімен таласады.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Зарина Диястың жұптық сында жарысты сәтті бастағанын жазған болатынбыз.

Сондай-ақ Александр Бублик әлемнің 21-ракеткасын ұтып, үшінші айналымға өтті.