Андрей Канчельскис «Тобыл» клубының директоры болып тағайындалды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Белгілі футболшы және менеджер Андрей Канчельскис қостанайлық «Тобыл» клубының директоры болып тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Андрей Канчельскис «Тобыл» клубының директоры болып тағайындалды

Андрей Канчельскис Англияның «Манчестер Юнайтед», «Манчестер Сити», «Эвертон» клубтарында ойын көрсетті. Сондай-ақ Украинаның «Динамо Киев», Италияның «Фиорентина», Шотландияның «Рейнджерс», Ресейдің «Сатурн», «Крылья Советов» сияқты футбол клубтарының намысын қорғады.

Ол «Манчестер Юнайтед» сапында 158 матч өткізіп, 36 гол соқты. «Эвертонда» бір маусымда 16 гол соғып, команданың сұрмергені атанды.

2007 жылдан бері бапкерлік қызметпен айналысып, Ресей, Латвия және Өзбекстанның клубтарында еңбек етті.

Бұрынғы басшы Николай Панинмен «Тобыл» чемпионат медальдарының үш жиынтығын да иеленген еді, сондай-ақ екі мәрте Суперкубок алды.

Еске салсақ, бұдан бұрын Қазақстан құрамасының ойыншысы «Тобылдан» «Астанаға» ауысқанын жазған едік.