Андрей Скабелка «Барыс» командасының бас бапкері қызметінен кетті

Андрей Скабелка «Барыс» командасының бас бапкері қызметінен кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

хоккей
Фото: hcbarys.kz

Бұл жөнінде команданың баспасөз қызметі мәлім етті.

Беларусьтік маман алдымен 2018-2020 жылдарда басшылық жасап, екі мәрте "Барысты" Гагарин кубогының плей-офф сатысына алып шықты.

Сондай-ақ, ол 2022/23 жылғы маусымда да командаға жетекшілік жасады.

«Барыс» командасы бас бапкерінің міндетін атқарушы болып Ғалым Мәмбеталиев тағайындалды. Ол команда құрылымында 2009 жылдан бері жемісті еңбек етіп келеді. 2023 жылы оның жетекшілігімен еліміздің студенттер құрамасы Бүкіләлемдік қысқы Универсиадада қола жүлдегер атанды. Ал «Номад» командасы Қазақстан біріншілігінің алтынын жеңіп алды.

Оның жетекішілігімен еліміздің ұлттық құрамасы элиталық дивизиондағы орнын сақтап қалды.

Еске салсақ, Ғалым Мәмбеталиев 2023-2024 жылғы маусымда шайбалы хоккейден Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері қызметін атқарады.

Соңғы жаңалықтар