19:49, 09 Шілде 2010 | GMT +5
Ангела Меркель Ресей мен Қытайға сапарынан кейін шілденің 18-інде Қазақстанға келеді
АСТАНА. Шілденің 9-ы. ҚазАқпарат - Германия канцлері Ангела Меркель шілденің 14-і мен 18-і аралығында Ресей, Қытай және Қазақстанда болады. Бұл жөнінде ГФР федералдық баспасөз және ақпараттар ведомствосы хабарлады, деп ақпарат таратты ИТАР-ТАССУрал.

Федералдық ведомствоның мәліметіне қарағанда, Германия үкімет басшысы шілденің 14-15-інде жоғары деңгейдегі 12-ші ресей-неміс мемлекетаралық кеңесіне және Екатеринбордағыі 10-шы «Петербор диалогы» ресей-неміс қоғамдық форумға қатысады. Осы сапарында Ангела Меркель Ресей президенті Дмитрий Медведевпен және Ресей үкіметінің төрағасы Владимир Путинмен кездеседі.
Содан кейін Германия канцлері Бейжіңге барып, онда Қытай басшыларымен кездеседі. Ал, шілденің 18-інде Ангела Меркель Астанаға тоқтап, мұнда да Қазақстан басшыларымен кездеседі.