Ангелина Лукас әлемдік рейтингіде жоғары көтерілді
АСТАНА.KAZINFORM - Қазақстандық боксшы Ангелина Лукас (11-1, 5 КО) аргентиналық Дебора Лопесті (21-3-1, 1 КО) жеңіп, Boxrec.com сайтының рейтингісіндегі орнын жақсартты, деп жазады Sports.kz.
Лукас Лопесті бірауыздан жеңіп, IBO супер жеңіл салмақтағы бос титулды жеңіп алды. Осы дивизиондағы BoxRec рейтингісінде қазақстандық спортшы 12-орыннан 11-орынға көтерілді.
Биыл Ангелина Лукас алты жекпе-жек өткізді: оның үшеуін нокаутпен жеңді, үшеуін төрешінің шешімімен жеңді. Бұған дейін ол кіші WIBF және WBF әлем чемпионы белбеулерін де жеңіп алған.
Бұған дейін қазақстандық теннисші Әмір Омарханов ITF Juniors демеушілігімен мансабындағы алтыншы жүлдені жеңіп алғаны хабарланған болатын. Ал, Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина төртінші орыннан бесінші орынға төмендеді – ол америкалық спортшы Кори Гауффтан жеңіліп қалды.