Ангелина Лукас рингте тартысты жекпе-жек көрсетті

None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстандық танымал боксшы рингте қарсыласымен тартысты жекпе-жек көрсетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz сайтына сілтеме жасап.

Белгілі қазақстандық боксшы Ангелина Лукас Instagram парақшасында спаррингінің видеосын жариялады.

Видео астына «Менің жұмысым» деп жазған. Ар жағынан нұсқау беріп тұрған жаттықтырушысының дауысы да естіледі.

Естеріңізге сала кетейік, Ангелина Лукас ең жарқын қазақстандық боксшы және қазіргі уақытта жекпе-жектерін жариялап, миллионнан астам оқырмандарын қуантып жүр.

Кәсіби рингте әзірге бір ғана жекпе-жек өткізіп, жеңіске жетті.



Соңғы жаңалықтар