Англия мен Уэльстің судьясы Астана ХҚО арбитраж орталығын басқармақ

АСТАНА. ҚазАқпарат - Коммерциялық істер жөніндегі жетекші британдық адвокат Барбара Доманн АХҚО Халықаралық арбитраж орталығының төрайымы болып тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат АХҚО баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
None
None

Таратылған мәліметтерге, Барбара Доманның халықаралық төрелік саласында 30 жылдан астам жұмыс тәжірибесі бар. Бұған дейін ол Англия мен Уэльстің штаттан тыс судьясы; Катар халықаралық сотының судьясы лауазымдарын атқарған.

Қазіргі уақытта ол - Лондон халықаралық арбитраж сотының мүшесі, Лондон халықаралық арбитраж сотының, Париж халықаралық коммерциялық палатасының, сондай-ақ Гонконг Халықаралық арбитраж орталығының аралық судьясы.

«АХҚО Халықаралық арбитраж орталығының төрайымы лауазымына тағайындалу мен үшін аса үлкен мәртебе. Біздің мақсат - халықаралық арбитраж орталығын төрелік және дауларды шешудің соттан өзге әдістері арқылы Еуразия өңіріндегі азаматтық және коммерциялық дауларды шешуге арналған нөмірі бірінші таңдауға айналдыру», - деп атап өтті Б.Доманн ханым.

Халықаралық арбитраж орталығы өз жұмысын 2018 жылдың 1 қантарынан бастады. Орталықтың толық тәуелсіз әрі дербес алқасы, әртүрлі юрисдикцияларда жұмыс істейтін жоғары білікті халықаралық аралық судьялары мен медиаторлары бар. ХАО сот процесіне тәуелсіз, үнемді және жедел баламаны қамтамасыз етіп, азаматтық және коммерциялық дауларды шешу бойынша ең жоғарғы халықаралық стандарттарға сәйкес жұмыс істейді және оның басты белгілері ретінде сенімділік, әділдік, қолжетімділік және заңның ұлықтығының қалтқысыз қолданылуын айтуға болады. 

Соңғы жаңалықтар