Англия шіркеуін алғаш рет әйел басқарды
АСТАНА. KAZINFORM — Бұл Англия шіркеуі тарихындағы жаңа кезеңді білдіріп отыр, деп хабарлайды Kazinform меншікті тілшісі.

63 жастағы Сара Маллалли Кентерберий жаңа архиепископы болып тағайындалды, ол 106-шы архиепископ және Англия шіркеуі тарихындағы осы лауазымды атқарған алғашқы әйел болды.
Джастин Уэлби христиан уағыздаушының жасөспірімдер мен жастарға қатысты жыныстық әлімжеттік, зорлық-зомбылық көрсетуі туралы тергеуді дұрыс жүргізбегені үшін сынға ұшыраған соң отставкаға кеткеннен кейін бұл қызметте бір жылға жуық уақыт ешкім жұмыс істеген жоқ.
Малаллидің кандидатурасын британдық MI5 қауіпсіздік қызметінің бұрынғы басшысы Джонатан Эванс басқаратын Кандидаттарды ұсыну комитеті мақұлдады. Дәстүр бойынша, комитеттің шешімін монарх бекітеді.
Ресми түрде Англия шіркеуінің басшысы король болғанымен, Кентербери архиепископы оның рухани жетекшісі болып саналады. Ол ең жоғары епископтық кызметте болып, 165 елдегі шамамен 85 млн дінге сенушіні біріктіретін бүкіл ғаламдық Англикан қауымдастығының символдық тұлғасы болып саналады.
Маллалли 2018 жылы Лондонның алғашқы әйел епископы болды. 2001 жылы діни қызметке кіріскенге дейін ол денсаулық сақтау саласында жұмыс істеген, онкологияға маманданған және 37 жасында Англияның бас мейіргерлік инспекторы атанып, бұл лауазымды иеленген ең жас адам болған.
Малаллидің қызметіне кірісуінің ресми рәсімі 2026 жылдың наурыз айында Кентербери соборында өтеді.
Еске сала кетсек, елордадағы Тәуелсіздік сарайында Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары VIII Съезінің декларациясы қабылданды.