21:19, 01 Қазан 2015 | GMT +5
Англияда автомобиль ішінде балалардың көзінше темекі шегуге тыйым салынды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Англия мен Уэльстің аумағында көліктің ішінде жасы 18-ге толмаған жолаушылар отырған жағдайда темекі шегуге тыйым салатын заң шығарылды.
Бұл туралы Би-би-си хабарлады.
Енді ішінде балалар отырған көлікте темекі шегетін әр адамға 50 фунт стерлинг айыппұл салынады. Тура сондай сомадағы айыппұлды шылым шегушіге тыйым салмаған көлік жүргізушісі де төлейтін болады.