Англияда «Титаниктің» схемасы аукционға қойылды

None
ЛОНДОН. ТАСС – ҚазАқпарат - Жолаушылар кемесінің апатқа ұшырауын тергеу кезінде пайдаланылған «Титаниктің» жоспар-схемасы Henry Aldridge & Son аукционына 200 мың фунт стерлингке (250 мың АҚШ долларынан астам) сатылымға шығарылды. Бұл туралы ҚазАқпарат ТАСС-қа сілтеме жасап хабарлайды.

Daily Mail газетінің жазуынша, аукцион 22 сәуірде Девизес қаласында (елдің оңтүстік-батыс бөлігіндегі Уилтшир округі) өтеді.

Кеменің барлық бөлмелерінің қолмен сызылған схемасы британдық сауда палатасының тапсырысы бойынша дайындалды. Онда кеме апатының себебін анықтаған сарапшылардың жазбалары сақталған. Аукцион үйінің өкілі Эндрю Олдридж бұл лотты «Титаниктің» қайғылы тарихының тарихи маңызды бөлігі» деп атады.

Тергеуден кейін құжат Титаниктің иесі – White Star Lineкомпаниясына қайтарылды. 2011 жылы жеке коллекционер оны 220 мың фунт стерлингке сатып алды. (275 мың доллардан астам). 2012 жылдан бері схема Белфаст мұражайына сақталып келді.

«Титаник» өзінің жалғыз сапарына 1912 жылы 10 сәуірде Англияның Саутгемптон қаласынан аттанды. Сәуірдің 14-інен 15-іне қараған түні ол Солтүстік Атлант мұхитының суларында айсбергпен соқтығысып, 2 сағат 40 минуттан кейін суға батып кетті. Апат салдарынан 1,5 мыңға жуық адам қаза тапты, 712 жолаушы мен экипаж мүшесі аман қалды.

Фото: PA MEDIA
Соңғы жаңалықтар
telegram