«Аңыздар ойынына» кімдердің алаңға шығатыны белгілі болды

АСТАНА.KAZINFORM - Қазақстан футболы күніне орай әлем және Қазақстан футболының аңыз ойыншылары кездесуінде кімдердің алаңға шығатыны белгілі болды.

Футболдан Астанада өтетін «Аңыздар ойынына» кімдер келетіні белгілі болды
Фото: Сейіл Қожатай

Әлем аңыздары сапында Витор Баия (Португалия), Марко Матерацци (Италия), Хавьер Дзанетти (Аргентина), Кристиан Дзаккардо (Италия), Дуглас Майкон (Бразилия), Джей-Джей Окоча (Нигерия), Димитар Бербатов (Болгария), Сержиньо (Бразилия), Клод Макелеле (Франция), Халилу Фадига (Сенегал), Кларенс Зеедорф (Нидерланд), Эстебан Камбьяссо (Аргентина), Гаиска Мендьета (Испания), Фернандо Морьентес (Испания).

Қазақстан аңыздары құрамында Ұлан Қонысбаев, Азат Нұрғалиев, Алмат Бекбаев, Сергей Скорых, Александр Кучма, Ренат Абдулин, Қайрат Әшірбеков, Вячеслав Богатырев, Таңат Нөсербаев, Жамбыл Көкеев, Давид Лория, Елдос Ахметов, Евгений Яровенко, Дмитрий Огай ойын көрсетеді.

«Аңыздар ойыны» Қазақстан футбол федерациясының қолдауымен ұйымдастырылып отыр.

Кездесу сағат 20:00-де басталып, «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Соңғы жаңалықтар