Анкарада атыс естілуде, әуеде әскери авиация ұшып жүр
АСТАНА. ҚазАқпарат - Анкара үстінде әскери ұшақтар мен тікұшақтар пайда болды, атыс дыбыстары естілуде, деп хабарлайды Reuters агенттігі оқиғаны көргендерге сілтеме жасай отырып.
Бұған дейін Habertürk телеарнасы Ыстамбұлда Босфор бұғазының үстінен өтетін көпірді әскерилер жауып, көлік қозғалысын тоқтатқаны жөнінде хабарлады.