19:11, 26 Мамыр 2010 | GMT +5
Анкарада Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа ескерткіш орнатылады - А.Гүл
СТАНА. Мамырдың 26-сы. ҚазАқпарат - Түрік Республикасының Президенті Абдолла Гүл «КАDЕХ-2010» қару-жарақ және әскери-техникалық мүліктердің халықаралық көрмесіне қатысқаннан кейін «Нұр-Орда» халықаралық қазақ-түрік лицейінде болды, деп хабарлады Мемлекет басшысының баспасөз қызметі.
- Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа күллі түркі әлемі үшін жасап келе жатқан еңбегіне зор ризашылығымды білдіремін, біз құрметті Нұрсұлтан Назарбаевқа Анкарада ескерткіш орнату ниетіндеміз, - деді А.Гүл оқу орнының ұжымы алдында сөйлеген сөзінде.