Анна Башинская кетті: жаңа мәслихат депутаты қашан сайланады

None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Анна Башинскаяның орнына №4 бірмандаттық аумақтық сайлау округінде мәслихат депутатының қосымша сайлауы өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы қаласы аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Айгүл Қалықованың айтуынша, сайлау күні әлі белгіленген жоқ.
«Заң бойынша қосымша сайлау наурыз бен қазан айының соңғы жексенбісінде өткізіледі. Алайда, Орталық сайлау комиссиясының келісімімен басқа уақыт таңдалуы мүмкін. Ондай болған жағдайда дауыс беру №4 бірмандаттық аумақтық сайлау округінде өтеді»,- деді ол.

Айтуынша, Анна Башинская депутат қызметінен босату туралы арызын бүгін әкелген.

«Оның өзіндік процедурасы бар. Біз ең алдымен мәслихатқа жолдаймыз, мәслихат орнынан босату туралы шешім шығарады. Тек содан кейін ғана қосымша сайлау өтеді»,- деп түсіндірді.Айта кетейік, Алматы қалалық Мәслихатының депутаты Анна Башинская Украина Президенті Владимир Зеленскийдің «Deutsche Welle» басылымына берген сұхбатында Қырымды қайтару туралы мәлімдемесіне «Зеленский мырза, Қырымнан көрі Түркия дұрыс, ол жақтың ауа райы қолайлы» деген мағынада пікір қалдырған.Депутаттың бұл пікірі әлеуметтік желі қолданушыларының наразылығын тудырып, олар депутаттың мандатын тапсыруын талап етті.Кейінірек депутат осы пікірі үшін қазақстандықтардан кешірім сұрады.Кеше AMANAT партиясы Башинскаяның мәлімдемесіне қатысты пікір білдірді.
Соңғы жаңалықтар