Анна Данилина Доха турнирінің чемпионы атанды

АСТАНА. KAZINFORM – Қазақстанның жұптық сындағы бірінші, әлемнің 10-ракеткасы Анна Данилина Доха (Қатар) WTA 1000 турнирінің финалында өнер көрсетті.

Анна Данилина
Фото: Ұлттық олимпиадалық комитет

А.Данилина сербиялық Александра Круничпен бірге жарыстың 4-ракеткасы болып тіркелген еді.

Қазақстандық-сербиялық жұп финалда доданың 3-ракеткалары, латвиялық Елена Остапенко – тайбэйлік Се Шувэймен бас жүлдені сарапқа салды.

Биыл Доха додасының жүлде қоры 4 млн 088,211 мың АҚШ долларына бағаланған еді. Жұптық сайыс жеңімпаздары 195 мың долларға қоса 1 мың рейтингілік ұпай алады.

Осыған дейін А.Данилина – А.Крунич Аустралия ашық чемпионатының финалына дейін жеткен еді.

Бұл жолы бірінші партияда Остапенко – Шувэй бет қаратпады – 6:0.

Тартысты өрбіген екінші сетте тай-брейкте Данилина – Крунич таразы басын өздеріне аудара алды – 7:6 (7:3).

Содан кейін супер тай-брейкте жеңісті жұлып алды – 10:8.

Бір сағат 35 минутқа созылған бәсекеде қазақстандық-сербиялық дуэт 1 эйспен бірге 4 брейк-пойнттың үшеуін пайдаланды. Латвиялық-тайбэйлік жұп 6 брейкпен (10 брейк-пойнт) көзге түсті.

Осылайша, Анна Данилина – Александра Крунич ірі жарыста үздік шықты.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Анна Данилинаның қатарынан екінші турнирде финалға шыққанын жазған едік.

Александр Бублик Роттердам турнирінде финалға шығу үшін таласады.

 

Соңғы жаңалықтар