Анна Данилина Доха жарысының ширек финалына жолдама алды

АСТАНА. KAZINFORM – Қазақстанның жұптық сындағы бірінші, әлемнің 19-ракеткасы Анна Данилина Доха (Қатар) WTA 1000 турнирінің ширек финалына өтті.

Данилина
Фото: Sports.kz

Жарыстың 7-ракеткалары Анна Данилина – ресейлік Ирина Хромачева екінші айналымда жапониялықтар Сюко Аояма – Эри Ходзумимен сынға түсті.

Бірінші партияда қазақстандық-ресейлік жұп 6:4 есебімен басымдылық танытты. 

Екіншісінде жапониялық дуэт дәл сондай есеппен есе қайырды – 6:4.

Супер тай-брейкте Данилина – Хромачева сәтті ойнады – 10:6.

Бір сағат 46 минутқа созылған тартысты бәсеке барысында екеуі 1 эйс жасап, 10 брейк-пойнттың төртеуін мүлт жібермеді. Жапониялықтар 11 брейк-пойнттың төртеуін пайдаланды. 
Анна Данилина – Ирина Хромачева жартылай финалға шығу үшін ресейліктер Мирра Андреева – Диана Шнайдермен таласады.

Қазақстанның бірінші, әлемнің 7-ракеткасы Елена Рыбакинаның жекелей сындағы қарсыласы анықталды. Е.Рыбакина ширек финалда әлемнің 2-ракеткасы, Польша өкілі Ига Швентекпен шеберлік байқасады.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Рыбакинаның бапкерін жұмысынан шеттетуге байланысты жаңа мәліметтер шыққанын жазған едік.

Елена Рыбакина Доха турнирінің ширек финалына шықты. 

Соңғы жаңалықтар