Анна Данилина Франциядағы турнирдің жартылай финалына шықты
Қазақстанның жұптық сындағы бірінші ракеткасы Анна Данилина Анжер (Франция) челленджер турнирінің жартылай финалына шықты, деп хабарлайды Kazinform.

Жарыстың 2-ракеткасы болып тіркелген А.Данилина ресейлік Александра Пановамен бірге ширек финалда америкалықтар Маккартни Кесслер - Алана Смитпен шеберлік байқасты.
Қазақстандық-ресейлік жұп 1 сағат 19 минутқа созылған матчта 6:3, 2:6, 10:6 есебімен жеңіске жетті. Олар 2 эйспен бірге 3 брейк-пойнттың біреуін пайдалана білді. Қарсыластары 2 эйс, 2 брейкпен (4 брейк-пойнт) көзге түсті.
А.Данилина мен А.Панова финалға шығу үшін нидерландтық Бибиана Схоофс - бельгиялық Кимпберли Циммерманмен таласады.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын қазақстандық теннисші Григорий Ломакиннің Мысырдағы турнирдің финалына шыққанын жазған болатынбыз.