Анна Данилина Франциядағы жарыстың финалында ұтылып қалды

Қазақстанның жұптық сындағы бірінші, әлемнің 56-ракеткасы Анна Данилина Анжер (Франция) челленджер турнирінің финалында жеңіліп қалды, деп хабарлайды Kazinform.

Анна
Фото: Sports.kz

Қазақстандық теннисші ресейлік Александра Пановамен бірге шешуші бәсекеде жарыстың 1-ракеткалары, испаниялық Кристина Буча - румыниялық Моника Никулескумен бас жүлдені сарапқа салды.

Матч испаниялық-румыниялық дуэттің басымдылығымен өтті - 6:1, 6:3. Бір сағаттан астам уақытқа созылған ойында олар 6 брейк-пойнттың төртеуін пайдалана білді. Қазақстандық-ресейлік жұп 1 эйспен ғана шектелді.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын теннисші Дмитрий Попконың Түркиядағы турнирдің финалына шыққанын жазған болатынбыз.

Соңғы жаңалықтар