20:58, 24 Шілде 2023 | GMT +5
Анна Данилина Германиядағы жарыстың ширек финалына шықты
АСТАНА. ҚазАқпарат – Қазақстанның жұптық сындағы бірінші, әлемнің 25-ракеткасы Анна Данилина Гамбург (Германия) WTA 250 турнирінің ширек финалына шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жарыстың 1-ракеткалары А. Данилина мен ресейлік Александра Панова бастапқы матчын италиялық Нурия Бранкаччи – грекиялық Деспина Папамихаилмен өткізді.
Қазақстандық-ресейлік жұп бір сағатқа жетпейтін бәсекеде 6:0, 6:2 есебімен айқын басымдылық көрсетті. Олар 6 брейк-пойнттың бесеуін құр жіберген жоқ.
А. Данилина мен А. Панова жартылай финалға шығу үшін аустриялықтар Мелани Клаффнер – Синья Крауспен таласады. Бұл дуэт чехиялық Михаэла Байерлова – словениялық Ника Радишичті жеңді – 6:4, 6:1.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Александр Недовесовтің теннистен әлемнің 45-ракеткасы атанғанын жазған болатынбыз.
Сондай-ақ, Михаил Кукушкин Президент кубогі турнирінің екінші айналымына шықты.
Юлия Путинцева Гамбург жарысын жеңіспен бастады.