Анна Данилина Индиан-Уэллс турнирінің ширек финалына шықты

АСТАНА. KAZINFORM – Қазақстанның жұптық сындағы бірінші, әлемнің 7-ракеткасы Анна Данилина Индиан-Уэллс (АҚШ) WTA 1000 турнирінің ширек финалына жолдама алды.

Анна Данилина
Фото: olympic.kz

Мастерс жарысының 5-ракеткалары Анна Данилина – сербиялық Александра Крунич екінші айналымда украиналық Людмила Киченок – америкалық Дезире Кравчикке тап келді.

Бірінші партияда қазақстандық-сербиялық жұп 6:4 есебімен басым түсті.

Екінші сетте 6:1 есебі тіркелді.

Бір сағат 10 минутқа созылған бәсекеде Данилина – Крунич 2 эйспен бірге 10 брейк-пойнттың тең жартысын пайдаланды. Киченок – Кравчик 1 брейкпен (3 брейк-пойнт) шектелді.

Анна Данилина – Александра Крунич жартылай финалға өту үшін америкалық Хейли Баптист – латвиялық Елена Остапенко немесе ресейлік Мирра Андреева – канадалық Виктория Мбоко жұптарының қай жеңгенімен таласады.

Тағы бір қазақстандық Александр Бублик мажарстандық Фабиан Марожанмен бірге жұптық сында франциялық Садьо Думбия – Фабьен Ребулға 2:6, 2:6 есебімен жол беріп, екінші айналымға шыға алмады.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Елена Рыбакинаның жеңіс саны жөнінен әлемде көш бастағанын жазған болатынбыз.

 

Соңғы жаңалықтар
Референдум