Анна Данилина Қытайдағы WTA 1000 жарысының чемпионы атанды

АСТАНА. KAZINFORM – Қазақстанның жұптық сындағы бірінші, әлемнің 31-ракеткасы Анна Данилина Ухань (Қытай) WTA 1000 турнирінің чемпионы атанды. 

Анна Данилина
Фото: ҚТФ

Қазақстандық теннисші ресейлік Ирина Хромачевамен бірге финалда америкалықтар Джессика Пегула – Айша Мухаммадпен бас жүлдені сарапқа салды.

Бірінші партияда А.Данилина – И.Хромачева 6:3 есебімен басым түсті. Екіншісінде тай-брейкте таразы басын өздеріне аударды – 7:6 (8:6).

Бір сағат 37 минутқа созылған матч барысында чемпиондар 2 эйспен бірге 7 брейк-пойнттың біреуін ғана пайдаланды. Пегула – Мухаммад 4 брейк-пойнттан ештеңе шығара алмады.  Осылайша, Анна Данилина мен Ирина Хромачева WTA додаларында үшінші рет жеңімпаз атанып отыр. Ал WTA 1 000 жарысында екеуі алғаш рет үздік шықты.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Анна Данилинаның Қытайдағы WTA 1000 турнирінің финалына өткенін жазған болатынбыз.

Соңғы жаңалықтар