Анна Данилина Лондон турнирінің ширек финалына өтті

АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстанның жұптық сындағы бірінші, әлемнің 9-ракеткасы Анна Данилина Лондон (Ұлыбритания) WTA 500 турнирін жеңіспен бастады.

Анна Данилина
Фото: Kazinform

Жарыстың 2-ракеткалары болып тіркелген Анна Данилина — ресейлік Диана Шнайдер алғашқы айналымда мексикалық Джулиана Олмос — тағы бір ресейлік Александра Панованың мысын басты.

Қазақстандық-ресейлік жұп 6:4, 7:5 есебімен жеңіске жетті.

Олар 1 сағат 22 минутқа созылған бәсекеде 3 эйспен бірге 8 брейк-пойнттың үшеуін пайдаланды. Олмос — Панова 2 эйс, 1 брейкпен (4.брейк-пойнт) шектелді.

Анна Данилина — Диана Шнайдер жартылай финалға шығу үшін аустралиялық Сторм Хантер — америкалық Дезире Кравчикпен таласады.

А.Данилина Ролан Гаррос жарысында сербиялық Александра Круничпен бірге финалға дейін жеткен еді.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Елена Рыбакинаның Лондон турниріндегі қарсыласы анықталғанын жазған болатынбыз.

Соңғы жаңалықтар