Анна Данилина Монтеррей турнирінің жартылай финалында өнер көрсетеді

АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстанның жұптық сындағы бірінші, әлемнің 49-ракеткасы Анна Данилина Монтеррей (Мексика) WTA 500 турнирінің жартылай финалына шықты.

Анна Данилина выиграла седьмой титул WTA в карьере
Фото: Olympic.kz

Жарыстың 4-ракеткалары болып тіркелген А.Данилина – ресейлік Ирина Хромачева ширек финалда грузиялық Оксана Калашникова – Польша өкілі Катажина Питердің мысын басты.

Матч 6:4, 6:2 есебімен қазақстандық-ресейлік жұптың пайдасына шешілді.

Бір сағат 11 минутқа созылған бәсеке барысында Данилина – Хромачева 3 эйспен бірге 6 брейк-пойнттың тең жартысын мүлт жіберген жоқ. 

Анна Данилина – Ирина Хромачева финалға шығу үшін турнирдің 1-ракеткалары, мексикалық Джулиана Олмос – ресейлік Александра Пановамен таласады.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын US Open турнирінде қазақстандық теннисшілердің қарсыластары анықталғанын жазған болатынбыз.

Сондай-ақ Тимофей Скатов АҚШ ашық чемпионатына жолдама алды.

Т.Скатов бірінші айналымда әлемнің 7-ракеткасы, Польша өкілі Хуберт Хуркачпен шеберлік байқасады.  

Соңғы жаңалықтар