12:56, 02 Қаңтар 2024 | GMT +5
Анна Данилина Окленд турнирінің ширек финалына шықты
Қазақстанның жұптық сындағы бірінші, әлемнің 54-ракеткасы Анна Данилина Окленд (Жаңа Зеландия) WTA 250 турнирінің ширек финалына шықты, деп хабарлайды Kazinform.

Жарыстың 2-ракеткалары болып тіркелген А.Данилина словакиялық Виктория Грунчаковамен бірге бастапқы кездесуін аустралиялықтар Элизия Болтон – Александра Бозовичпен өткізді.
Бір сағатқа жетпейтін уақыт ішінде қазақстандық-словакиялық дуэт 6:3, 6:1 есебімен жеңіске жетті. Олар 2 эйс жасап, 6 брейк-пойнттың бесеуін пайдаланды. Қарсылас дуэт 2 эйс, 1 брейкпен көзге түсті.
Анна Данилина – Виктория Грунчакова жартылай финалға шығу үшін қытайлықтар Юань Юэ – Сю Ванмен таласады.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Денис Евсеевтің Канберрада екінші айналымға өткенін жазған болатынбыз.