Үстел теннисінен Олимпиадаға іріктеу: қазақстандық спортшылардың қарсыластары анықталды
ТАШКЕНТ. KAZINFORM – Бүгін Өзбекстан астанасы Ташкентте үстел теннисінен Орталық Азия аймағындағы Олимпиадаға іріктеу кезеңі өтеді. Бұл туралы Ұлттық олимпиадалық комитеттің баспасөз қызметі хабарлады.

Жеребе тарту рәсімінен кейін қазақстандық спортшылардың қарсыластары анықталды.
Ерлер, № 1 топ
Кирилл Герасименко (Қазақстан), Азамат Эргешов (Қырғызстан), Ілияс Алланазаров (Түрікменстан)
№ 2 топ
Ношад Аламиан (Иран), Шохрух Искандаров (Өзбекстан), Әлішер Якупбаев (Қырғыз Республикасы)
№ 3 топ
Алан Құрмангалиев (Қазақстан), Нима Аламиан (Иран), Зохид Кенжаев (Өзбекстан)
Әйелдер, № 1 топ
Сарвиноз Миркадирова (Қазақстан), Розалина Хаджиева (Өзбекстан), Махшид Аштари (Иран), Саида Кудусова (Қырғыз Республикасы)
№ 2 топ
Анастасия Лаврова (Қазақстан), Мархабо Магдиева (Өзбекстан), Неда Шахсавари (Иран), Аяна Ұланбекова (Қырғыз Республикасы)
Айта кеткен жөн, турнирде жеңіске жеткен спортшыларға ғана Олимпиада жолдамасы беріледі.
Еске сала кетейік, бұған дейін үстел теннисінен Париж Олимпиадасының жолдамасына кімдер таласатынын жазған болатынбыз.