Анна Данилина Ролан Гаррос турнирінің финалында есе жіберді

АСТАНА. KAZINFORM - Қазақстанның жұптық сындағы бірінші, әлемнің 17-ракеткасы Анна Данилина Ролан Гаррос турнирінің финалында өнер көрсетті.

Анна Данилина
Фото: ҰОК

Қазақстандық теннисші сербиялық Александра Круничпен бірге соңғы бәсекеде жарыстың 2-ракеткалары, италиялықтар Сара Эррани - Жасмин Паолинимен кездесті.

Бірінші партияда италиялық жұп 6:4 есебімен басым түсті. Екіншісінде қазақстандық-сербиялық дуэт есе қайырды - 6:2. Шешуші, үшінші сетте италиялықтар дес бермеді - 6:1.

Екі сағат 15 минутқа созылған тартысты матчта Данилина - Крунич 2 эйспен бірге 9 брейктің үшеуін пайдаланды. Эррани - Паолини 4 брейкпен (13 брейк-пойнт) көзге түсті. Осылайша, Анна Данилина Ролан Гарроста сәтті өнер көрсетіп, спорттық жолында алғаш рет финалға дейін жетті.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Ролан Гарроста Анна Данилинаның жұптық сында финалға жолдама алғанын жазған болатынбыз.

Соңғы жаңалықтар