Анна Данилина теннистен Чарльстон турнирінде жартылай финалға шыға алмады

А.Данилина Беларусь өкілі Александра Сасновичпен бірге ширек финалда осы жарыстың бірінші ракеткалары, америкалық Каролин Долхайд – қытайлық Чжан Шуаймен шеберлік байқасты.
Бір сағаттан астам уақытқа созылған матчта америкалық-қытайлық жұп 6:3, 6:2 есебімен жеңіске жетті. Олар 10 брейк-пойнттың тең жартысын пайдаланса, А.Данилина мен А.Саснович 2 брейкпен (11 брейк-пойнт) шектелді.
Тағы бір қазақстандық Григорий Ломакин ресейлік Евгений Донскоймен бірге Мехико (Мексика) челленджер турнирінің финалына өте алмады. Олар жартылай финалда чилилік Николас Харри – бразилиялық Матеус Пучинелли де Алмейдадан ұтылды – 3:6, 4:6.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Анна Данилинаның Чарльстон турнирін жеңіспен бастағанын, қазақстандық теннисшілердің Мароккодағы жарыстың финалына шыға алмағанын жазған болатынбыз.
Сондай-ақ Александр Бубликтің Монте-Карло мастерс турниріндегі қарсыласы анықталды.
Заңғар Нұрланұлы Португалиядағы жарыстың финалына шықты.