Анна Данилина Уимблдон турнирінің ширек финалына өтті

Қазақстандық теннисші франциялық Николя Маюмен бірге екінші айналымда италиялық Андреа Вавассори – ресейлік Людмила Самсоновамен шеберлік байқасты.
Бірінші партияда қазақстандық-франциялық жұп тай-брейкте сәттірек ойнады – 7:6 (7:4).
Екіншісінде А.Вавассори – Л.Самсонова 6:4 есебімен есе қайырды.
Үшінші, шешуші сетте Н.Маю мен А.Данилина тай-брейкте жеңісті жұлып алды – 7:6 (10:8). Екі сағат 15 минутқа созылған бәсеке барысында олар 8 эйспен ерекшеленді. Қарсыластары 9 эйс, 1 брейкпен (4 брейк-пойнт) көзге түсті.
Анна Данилина – Николя Маю жартылай финалға шығу үшін жарыстың 7-ракеткалары, хорватиялық Мате Павич – украиналық Людмила Киченокпен таласады.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Анна Данилинаның 1/8 финалға шыққанын жазған болатынбыз.
Сондай-ақ Елена Рыбакинаның Уимблдонның алдағы ойындарындағы мүмкіндігіне болжам жасалды.
Елена Рыбакина Уимблдонның ширек финалына жолдама алды.