Анна Данилина Ұлыбританиядағы жарыстың жартылай финалына өтті

АСТАНА. KAZINFORM - Қазақстанның жұптық сындағы бірінші, әлемнің 9-ракеткасы Анна Данилина Истбурн (Ұлыбритания) WTA 250 турнирінің жартылай финалына шықты.

Анна Данилина Лондон турнирінің финалында ұтылып қалды
Фото: ҚТФ

Қазақстандық теннисші чехиялық Мари Боузковамен бірге ширек финалда ұлыбританиялықтар Джоди Бёррэдж - Сонай Карталмен шеберлік байқасты.

Данилина - Боузкова 6:4, 7:6 (7:1) есебімен жеңіске жетті. Сағат жарымнан астам уақытқа созылған бәсекеде екеуі 1 эйспен бірге 12 брейк-пойнттың екеуін пайдаланды.

Анна Данилина - Мари Боузкова финалға шығу үшін корт иелері Хэрриет Дарт - Майя Лумсденмен таласады. Бұл дуэт ширек финалда жарыстың 2-ракеткалары, жапониялық Эри Ходзуми - индонезиялық Алдила Сутджиадиден басым түсті - 6:1, 6:4.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Анна Данилинаның Ұлыбританиядағы турнирдің ширек финалына шыққанын жазған болатынбыз.

Соңғы жаңалықтар